Депутат Магеррам Магеррамов Қазақстанда жыныс ауыстыруға тыйым салуды ұсынды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Депутат Магеррамов президент ұлттық құндылықтарды қорғау қажеттігін ерекше атап өткенін айтты.
- 2024 жылғы 18 наурызда өткен Ұлттық құрылтайда Қасым-Жомарт Тоқаев дәстүрлі отбасылық құндылықтарды берік және дәйекті түрде қалыптастыру қажеттігін ерекше атап өтті. Бұл мәселе бойынша президент өткен жылы сәуір айында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының 33-сессиясында да өз ұстанымын білдірген болатын. Оның айтуынша, азаматтардың дұрыс құндылықтарын, көзқарастарын және сенімдерін қалыптастыру маңызды. Еліміздің бай тарихын, ата-бабаларымыз сақтап қалған мәдени және дәстүрлі құндылықтарды ескере отырып, жыныстық сәйкестілік бұзылыстары бар адамдар үшін жынысын ауыстырудың қолайлылығы туралы сұрақ туындайды, дейді депутат.
Ол ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексіне сәйкес, 21 жасқа толған, психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстары жоқ адамдарға жынысын ауыстыруға рұқсат етілетінін еке салды.
- Алайда, «жыныстық сәйкестілік бұзылыстары бар адам» ұғымының өзі белгілі бір ауытқушылықтың бар екенін білдіреді. Бұл тұлғаларда физикалық ауытқулардың болмауын ескере отырып, олардың психикалық немесе мінез-құлықтық ерекшеліктері бар деген қорытынды жасауға болады. Демек, психикалық және мінез-құлықтық аспектідегі ауытқушылығы бар адамның сау денесіне гормондық және хирургиялық араласуды ақтау мүмкін емес. Мұндай медициналық араласудың рұқсат етілуі біздің мәдениетімізге жат идеялармен басқарылатын жекелеген тұлғалардың шекараларын кеңейтеді, дейді Магеррамов.
Партия заңнамаға өзгерістер енгізілгенге дейін жынысты ауыстыруға тыйым салуды талап етті.