«Оған (Бекетаевқа) қатысты келесідей фактілер бар: 2010 жылы Молдавия сол тұстағы президенті Владимир Воронин Назарбаевқа хабарласып: "Сіздерде Стати деген бизнесмен жұмыс істейді екен, өзі "Сороспен" сыбайлас, сондықтан оны елден қуып жіберуіңізді сұраймын" деп қолқа салады. Экс-президент әлгі өтінішті жерде қалдырмай, Статиді Қазақстаннан қуып шығып, бүткіл мал-мүлкін күйеубаласы Құлыбаевқа берді деген ақпарат бар. Бірақ бұл ақпарат әлі сотпен расталмады...», – деді мәжілісмен.
Бұған көнгісі келмеген Стати Қазақстанды сотқа бергені, онымен текетіресу үшін Марат Бекетаевтың фирма құрғаны, оған қазынадан жүздеген миллион доллар жұмсалғаны белгілі.
"Стати жеңе береді, Қазақстан жеңіле түседі. Бірақ Қазақстан жеңілген сайын бюджеттен ақша көбейе береді. Ол лоббилік топтарды, адвокаттарды жалдайды. Шетелдегі адвокаттар Қазақстанның ісі дұрыс емес екенін көргеннен кейін ақшаны көп сұрайды, өздері де жымқырған болуы ықтимал. Бюджеттің көптеген миллион доллары 1 адамның волюнтаризмдік шешімін қорғау үшін шетелге кете береді. Әрине әділетсіздік болғаннан кейін Қазақстанның жағдайы мүшкіл болды. Осыны пайдаланып, Бекетаев тәрізді азаматтар өздері де бюджеттің ақшасына қол сұғып жіберуі ықтимал", – дейді Сайыров.
Айта кетелік, экс-Әділет министрі Марат Бекетаев Қазақстаннан қашпақ болғанда қолға түскен. Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиевтің мәлімдеуінше, Бекетаев әуежайда ұсталған.
Ол «Мемлекет басшысының заңсыз шығарылған активтерді іздеу және қайтару жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды» деп күдіктеліп отырғаны мәлімделді.
DALA INSIDE телеграм арнасына белгілі болғандай Жаңа Қазақстан "Үш Б" операциясын жүзеге асыруда. Бекетаевтан кейін Бауыржан Байбектің кезегі келіп тұр.
"Кешеден бастап Марат Бекетаев сөйлей бастады", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.
Тергеушілерге "Bolachak Consulting" эпизоды бойынша Бауыржан Бәйбектің үстінен қылмыстық іс қозғауға мүмкіндік ашылады. Одан кейін Назарбаевтың кластасының баласын Германияда құрықтап, экстрадициялау бойынша шаралар жасалмақ. Бәйбектің сотталуы "Үш Б" операциясына нүкте қояды.
Бұл жайлы толығырақ: https://t.me/dalainside/1540