Депутат Мархабат Жайымбетов Қазақстанда контрафакт өнімдер сатылып жатқанын айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Қазақстан аумағына заңсыз әкелінген "Колгейт-Палмолив" (Colgate-Palmolive) маркалы контрафакт тіс пастасын сату деректері анықталған. Өнімдер сыртқы тұрпаты жағынан түпнұсқаны қайталағанымен, қаптамасы мен таңбалануы ресми талаптарға сәйкес келмеген.
Алматы мен Шымкент қалаларындағы базарларда Бондюэль (Bonduelle) маркасымен сатылған консервіленген көкөністер арасында да жалған өнімдер тіркелген.
"Құрылыс материалдары, алкоголь өнімдері, құрғақ ашытқылар сынды тауар топтары бойынша да контрафакт тіркеліп отыр. Бұл өнімдер құжатсыз, міндетті таңбалаусыз және санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыларсыз таратылып, азаматтардың қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіріп отыр", - деді депутат.
