Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Денсаулық сақтау министрлігінің жұмысын сынға алды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Аймағамбетовтің айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі барлық мәселеге бір жауап береді.
"Егер бірдеңе дұрыс болмаса, біз үнемі жарнаны көбейтуге тырысамыз, бұл жағдайда бизнестен де, азаматтардан да алынатын жарналар көбейеді. ...Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (ММС) әдіснамасын жақсарту қажет", - деді мәжілісмен.
Депутат Денсаулық сақтау министрлігінің нақты нормативтері жоқ екенін, сондықтан емханаларда тіркеуге қатысты проблемалар бар екенін де айтты.
"Нашар менеджмент туралы да айтуға болмайды, бас дәрігерлердің 100 пайызы жаман басшы болуы мүмкін емес. Жаңа басшылықтың барлық сұраққа нақты жауаптары болады деп сенемін", - деді Асхат Аймағамбетов.
Сонымен қатар, депутаттың айтуынша, бүгінде қазақстандықтар МӘМС-ке және ақылы медициналық қызметке ақша төлейді. Бірақ медициналық қызметті уақытында ала алмай отыр.
"Біз МӘМС-ті енгізердің алдында мақсаты қандай деп сұрақ қойдық. Онда азаматтардың енді өз қалтасынан емделуге төлейтін қаражаты азаяды деген жауап болған. Бірақ бірнеше жыл өтті. Біз не көріп отырмыз? Керісінше бір жағынан азаматтар өз қалтасынан (МӘМС-ке) жарнасын төлейді. Екінші жағынан ақылы (медициналық) қызметке төлейтін ақша азаймақ түгілі біршама көтерілді және көтеріліп те жатыр", - деді ол.