Депутат Анас Баққожаев анасы мен бауырына қатысты іс туралы қосымша пікір білдірді

Көркем Алдабергенова 15 қаң. 2025 16:13 221

Депутат Анас Баққожаев анасы мен бауырына қатысты іс туралы қосымша пікір білдірді, - деп хабарлайды Dalanews.kz Nege.kz-ке сілтеп. 

Депутат жағдайды қайта тексеріп, бауыры мен анасының арасындағы жағдайға толығырақ түсініктеме берді:

«Мен нақтыладым. Бұл жазда болған жағдай. Бауырым ажырасып, ұлымен жолыға алмай жүрген. Ол баласымен кездеспек болып, оған қоңырау шалған. Бала әкесіне дөрекі жауап берген. Бауырым ашуланып, жасыратын ештеңесі жоқ, ішімдік ішкен. Сосын ол анамызға барған. Анамыз оған отбасының тыныштығын бұзбауды, сол жерге барып, мәселені шешу керегін ескерткен. Бауырым келіспей, жанжал туындап, ол былапыт сөздер айтқан.

Менің ойымша, анам нағыз депутаттың анасы ретінде әрекет етті: ол заң бәріне бірдей болуы керек деп шешті, тіпті бұл өз ұлына қатысты болса да солай істеу қажет. Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мен оған ризамын. Бұл – ұят жағдай, және мен інімнің әрекеті үшін көпшіліктен кешірім сұраймын. Бірақ мен енді ол мұндай жағдайға ұрынбайды деп үміттенемін", - дейді Баққожаев. 

Еске салайық,бұған дейін Астанадағы сот мәжіліс депутаты Анас Баққожаевтың ағасы Арыс Баққожаевты отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқыққа қайшы әрекет жасағаны үшін кінәлі деп танығанын хабарлаған едік. Ол мас күйінде өз анасына балағат сөздер айтып, құрметсіздік танытып, оның тыныштығын бұзған. Сот оған мұндай әрекеттерге жол берілмейтінін ескертіп, бір жыл бойы жәбірленушінің келісімінсіз оған жақындауға, сондай-ақ спирттік ішімдіктер мен психотроптық заттар қолдануға тыйым салды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар