Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі Африка елдерінде Эбола безгегінің таралуына байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады., деп хабарлайды dalanews.kz.
Ведомствоның мәліметінше, Эбола вирусы инфекция жұқтырған адамның немесе ауру жануарлардың биологиялық сұйықтықтарымен тығыз байланыс кезінде беріледі.
Министрлік өкілдері мұндай жағдайда жеке гигиена талаптарын сақтау, шетелге сапар кезінде сақ болу және дер кезінде медициналық көмекке жүгіну аса маңызды екенін атап өтті.
Африка елдеріне барар алдында жағдайды тексеруге кеңес берілді
Денсаулық сақтау министрлігі шетелге шығар алдында баратын елдегі эпидемиологиялық ахуалмен алдын ала танысу қажет екенін ескертті.
Сондай-ақ ведомство Қазақстан азаматтарына шетелге шығу кезінде сақталуы тиіс негізгі профилактикалық шараларды ұсынды.
Министрлік мамандары адамдар көп жиналатын жерлерде сақтық шараларын күшейтіп, денсаулық жағдайына мұқият қарауға кеңес берді.