Денсаулық министрі: «Коронавирус жұқтыру өсімі 4 пайыздан 2,1 пайызға азайды»

Dalanews 21 шіл. 2020 07:29 725

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой COVID-19 індетімен күресте кейінгі екі аптада қол жеткен оң нәтижелерді атап көрсетті.  

– Жүргізілген жедел шаралардың арқасында екі аптаның ішінде мынадай оң нәтижелерге қол жетті: тәулігінде коронавирус жұқтыру өсімі 4 пайыздан 2,1 пайызға азайды. COVID-19 ауруынан жазылғандардың саны 60 пайызға жетті.

Жедел жәрдем шақыру 23 пайызға төмендеді. Провизорлық төсек-орындардың жүктемесі – 20 пайызға, жансақтау бөлімінің жүктемесі – 6 пайызға төмендеді, – деді Алексей Цой Үкімет отырысында.


Министрдің айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес дәрі-дәрмекті сертификаттау мен тіркеу рәсімі жеңілдетіліп, бір реттік тасымал процедурасы оңтайландырылған.

– Арнайы жүк порттарының тасымалын арттыру арқылы дәріханаларды дәрі-дәрмекке толтыру жұмысы жүріп жатыр. Өңірлерде арнайы тұрақтандыру қоры құрылды. Амбулаториялық дәрі-дәрмек тізімін кеңейту жұмыстары қолға алынды. Дәрі-дәрмектің 1 айлық қоры жасақталуда. Осы жылдың 22 шілдесіне дейін еліміздегі медициналық ұйымдар бір айлық дәрі-дәрмек қорымен қамтамасыз етіледі, – деді ол.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар