Қазақстандық актер әрі аралас жекпе-жек өкілі Еркебұлан Тоқтар АҚШ-тағы өмірі туралы айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Еркебұлан Тоқтар АҚШ-қа барар кездегі және ел өмір сүруі үшін кеткен шығыны туралы айтты.
"Барар кезде бизнес классқа билет алдым, ол үш миллиондай болды. Көлігімді ай сайын 4800 долларға жалға аламын. Қонақүйім төрт күнге 2,4 млн теңге болды. Жалпы шығыным 8 миллиондай болды. Бұл тек бес күнге. Майамиде әлі апартамент алған жоқпын. Ай сайын шамамен 3 миллион теңгелік қонақүй ме, пәтер ме алармын. Сонша ақша кетеді. Нәтиже көрсету керек. Демеушім Алла", - дейді файтер.
Еске салайық, бұған дейін Еркебұлан Тоқтар өзбекстандық файтер Шахзод Узоковпен (Gold) кездесуге келісім берген.
Жекпе-жек Octagon промоушені аясында өтпек. Алдын ала мәлімет бойынша айқас 2026 жылғы наурызға жоспарланған. Бұл туралы Еркебұлан Тоқтар әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
