Грек-рим күресінің шебері Демеу Жадыраев Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының ширек финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды dalanews.kz ҰОК-қа сілтеп.
77 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Жадыраев Жапония өкілі Нао Кусакамен белдесті. Тартысты өткен кездесуде жапониялық балуан 11:9 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, қазақстандық балуан жартылай финалға шыға алмады. Оның жарысты әрі қарай жалғастыруы Кусаканың нәтижесіне байланысты. Жапон балуаны финалға жолдама алса, Жадыраев жұбаныш белдесулері арқылы қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алады.
Айта кетейік, Жадыраев пен Кусака 2024 жылы Парижде өткен Олимпиада ойындарының финалында да кездескен. Сол жолы жапон балуаны 5:2 есебімен жеңіп, алтын медаль иеленсе, Қазақстан өкілі Олимпиаданың күміс жүлдегері атанған еді.