Демалыс күндері Қазақстанда ауа райы тұрақсыз болады

Ақтоты Жапатова 07 ақп. 2026 10:20

7–9 ақпан аралығында барикалық құрылымдардың жылдам ауысуына байланысты Қазақстан аумағында ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды Dalanews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Республика аумағының басым бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түсіп, боран, желдің күшеюі және көктайғақ құбылыстары күтіледі. Кезеңнің басында елдің шығыс өңірлерінде, ал соңында батыс аймақтарда қатты қар жаууы болжанып отыр. Оңтүстікте бүкіл кезең бойы қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Сонымен қатар, еліміздің бірқатар өңірінде ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы байқалады.

Батыс өңірлерде түнгі температура 13–23 градус аяздан 0–10 градус аязға дейін көтеріліп, күндіз 3–12 градус аяздан 10 градус аяз – 2 градус жылуға дейін жетеді.

Солтүстік-батыста түнде 17–28 градус аяздан 3–13 градус аязға дейін, күндіз 10–20 градус аяздан 0–8 градус аязға дейін жылынады.

Солтүстік аймақтарда түнгі ауа температурасы 18–28 градус аяздан 5–15 градус аязға дейін жоғарылап, күндіз 13–21 градус аяздан 10 градус аяз – 1 градус жылуға дейін көтеріледі.

Оңтүстікте түнде 3–18 градус аяздан 5 градус аяз – 8 градус жылуға дейін, ал күндіз 13 градус аяз – 5 градус жылудан 5–15 градус жылуға дейін жетеді.

Шығыс өңірлерде түнгі температура 0–12 градус аяздан 10–20 градус аязға дейін төмендеп, күндіз 0–10 градус аяздан 7–15 градус аязға дейін сақталады.

Ал оңтүстік-шығыста түнде 0–13 градус аяздан 2–16 градус аязға дейін суытып, күндіз 0–13 градус аяздан 5 градус аяз – 8 градус жылуға дейін жоғарылайды.

Синоптиктер ауа райының қолайсыздығына байланысты тұрғындарды жолда абай болуға және қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove