Дайрабаев дауға қалды: Президенттікке үміткердің ұлдары рейдерлікпен айналысқаны айтылды

Dalanews 03 қаз. 2022 12:50 851

Тараз қаласы сотында сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену, ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген айыппен төрт азаматқа қатысты іс қаралады, деп хабарлайды Dalanews.kz Halyq Uni-не сілтеп.

Жамбыл облыстық сотының хабарлауынша, іс №2 қалалық сотының өндірісіне 2022 жылдың 19 қыркүйегінде түскен.

Айыпталушылардың арасында Жамбыл облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары Ерлан Күлкеев және Елжан Елібай бар. Олар тергеу изоляторында отыр. Ал Марат Дайрабаев пен Дидар Молдақалық үй қамаққа алынған.

Айта кетейік,

үй қамаққа алынған Дайрабаев пен Молдақалық «Ауыл» партиясы атынан кезектен тыс президент сайлауына кандидат ретінде ұсынылған Жигули Дайрабаевтың ұлдары екені айтылды.


Сайт тілшісі осыған байланысты Жигули Дайрабаевқа телефон арқылы хабарласқан екен, алайда ол сөйлесуге уақыты жоқ екенін айтқан.

30 қыркүйекте елордада «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының кезектен тыс ХХ съезі өтті. Жиын барысында партия төрағасы Әли Бектаев алдағы президент сайлауына партия атынан Қазақстан фермерлер одағы қауымдастығының президенті Жигули Дайрабаев үміткер болатынын мәлімдеді.

Айта кетейік, қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауы 2022 жылдың 11 қазанына тағайындалған.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар