Дастан Сәтбаев «Челси» сапындағы алғашқы матчына негізгі құрамда шығады

Дастан Сәтбаев «Челси» сапындағы алғашқы матчына негізгі құрамда шығады
Фото: instagram.com/d.satpayev

Қазақстандық 17 жастағы футболшы Дастан Сәтбаев Лондонның «Челси» клубы сапындағы алғашқы ойынын негізгі құрамда бастайды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Жас шабуылшы Аустралиядағы маусым алдындағы оқу-жаттығу жиыны аясында өтетін жолдастық кездесуде алаңға алғашқы минуттардан шығады. «Челси» бұл матчта австралиялық «Вестерн Сидней Уондерерс» клубымен кездеседі.

Кездесу Қазақстан уақыты бойынша 14:45-те басталады.

Осылайша, Дастан Сәтбаев ағылшын алпауытының негізгі құрамындағы бейресми дебютін өткізбек. Алайда «Челсидің» Аустралиядағы маусым алдындағы тур аясындағы матчтары Қазақстан аумағында ресми түрде көрсетілмейді.