Дархан Сатыбалды Қаңтар кезінде күйеуінен айырылған әйелдердің баспана мәселесіне қатысты пікір білдірді

Көркем Алдабергенова 17 жел. 2025 16:01

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Қанды Қаңтар оқиғасы кезінде жақындарынан айырылған әйелдердің баспана мәселесін көтеріп жүргені жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Азаттық тілшісі әкімнен Қаңтар кезінде күйеулерінен айырылған отбасылардың әкімдікке жиі барып, үй беруді сұрайтыны және бұл уәделердің орындалу мүмкіндігі туралы сұраған.

Қала әкімінің айтуынша, бұл мәселе оған бұрыннан белгілі. Оның сөзінше, ішкі саясат басқармасы аталған әйелдер тарапынан баспана мәселесіне байланысты өтініштер түскенін хабарлаған.

"Ол отбасылар бойынша нақты мәліметтерді алдыртамыз. Егер шынымен де көмекке мұқтаж, әлеуметтік жағдайы ауыр екені анықталса, демеушілер тарту мәселесін қараймыз", - деді Дархан Сатыбалды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар