– Әлемдегі соңғы үрдістерді ескере отырып, жаңа цифрлық медиа мен креативті индустрияны дамыту жөніндегі жұмыстарды жандандыруды көздеп отырмыз, – деді министр.
Министр Meta, TikTok, Google, Mail.Ru Group, LinkedIn, Netflix компанияларымен келіссөз жүргізіп, тығыз қарым-қатынас орнатылғанын айтты.
Келіссөздер нәтижесінде Мета компаниясының Instagram, Whatsapp, Facebook, Messenger-дің Қазақстан бойынша ресми өкілдері айқындалды.
Сондай-ақ6 TikTok корпорациясының аймақтық офисі ашылды. Facebook пен TikTok-тің интерфейсін қазақшалау бойынша келісімдер жасалған.
– TikTok компаниясымен 13 жасқа толмаған балалардың платформаны пайдалануын және зиянды мазмұнды контенттерді бірлесіп анықтайтын боламыз. Мұның бәрі бізге үлкен жауапкершілік жүктейді, – деді Дархан Қыдырәлі.