Дәрі сапасын бақылау: шешуші кезең басталды

Самал Асқар 26 ақп. 2026 15:04

Елордада дәрілік заттарды реттеу жүйесін бағалау бойынша халықаралық сарапшылардың қорытынды миссиясы басталды, деп хабарлайды Dala news.

Ресми ақпаратқа сәйкес, Астанада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) сарапшылары Қазақстанның дәрілік заттардың айналымын ұлттық реттеу жүйесін бағалау бойынша соңғы сапарға кірісті. Миссия Global Benchmarking Tool (GBT) жаһандық салыстырмалы бағалау құралы аясында өтіп жатыр және елдің реттеуші жүйесінің жетілу деңгейін айқындайтын шешуші кезең болмақ.

Миссия қорытындысы бойынша Қазақстанға жетілудің үшінші деңгейін беру мәселесі қаралады. Бұл мәртебе ұлттық реттеу тетіктерінің халықаралық стандарттарға сәйкестігін және институционалдық тиімділігінің тұрақтылығын растайды.

Қазіргі уақытта Қазақстан GBT жүйесі бойынша екінші жетілу деңгейінде. Бағалау жүйесі төрт деңгейден тұрады. ДДҰ деректеріне сәйкес, үшінші және төртінші деңгейге әлемнің 36 елі қол жеткізген.

Үшінші деңгейге өту дәрілік заттардың сапасын ұлттық бақылау жүйесіне деген сенімді арттыру, отандық фармацевтикалық өнімдердің экспорттық әлеуетін кеңейту және салаға инвестиция тарту тұрғысынан стратегиялық қадам ретінде қарастырылады


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove