Данияр Садыков: Қырғыз тілі құрып барады

Dalanews 24 сәу. 2015 14:42 1336

[caption id="attachment_10284" align="alignright" width="272"] Данияр Садыков[/caption]

Орта Азияда орыс тіліне ресми статус берген екі ел бар. Бірі – Қазақстан, енді бірі – Қырғызстан. Өткенде «айыр қалпақты ағайындар орыс тілін ресми статустан айырмақ» деген ақпарат тараған. Осы рас па өзі? «Қала мен Далаға» сұхбат берген белгілі қырғыз филологы, қоғам белсендісі Данияр Садыков «биліктің бұған батылы бармайды» дейді.   

– «Қырғыз ағайындар орыс тілінің ресми статусын жойып, қырғыз тілін дамытуға басымдық бермек» деген жаңалықты естіп қуанып қалдық. Біздің қолымыздан келмегенді сіздер істеп, ерлік таныттыңыздар...

– Сіз біздің билік орыс тілінен бас тартады деп ойлайсыз ба? Жоға...Мұндайға өлсе де бармайды. Қорқады. Оның үстіне КСРО-ның жаңарған үлгісіне қосылғалы жатырмыз. Еуразиялық одақты айтамын. Атамбаев ақымақ емес қой...

Иә,бір жолы «қырғыз тілін білмеу көргенсіздік, надандық» деді. Айтты да қойды. Орыс тіліне ресми статус беріп қойдық. Және бұдан жуыр уақытта құтыла алмаймыз. Кем дегенде 2020 жылға дейін. Ата заңға өзгеріс енгізуге осы уақытқа тыйым салынған.
Сіздерде қалай білмедім, бірақ біздегі ресми кездесулер, конференциялар басқа да  қыруар іс-шаралар басынан аяғына дейін орысша өтеді. «Бөтендердің» ортасында отырасың. Амал жоқ...Балық басынан шіриді емес пе?!

 – Сіздерде де шалақырғыз деген түсінік бар ма?

– Сол шалақырғыздар ғой, әлгіндей ақпар шыққаннан кейін орыс тілін жата кеп қорғаған. Орыс тілі – олардың наны.

 Білсеңіз, бізде қырғызша құжат толтырмайды. Мүлдем. Шынымды айтып отырмын. «Әй,  неге қырғызша толтырмадың» десең, әлгі ресми статусқа сілтей салады. Жоқ, сілтей салады дегенім дұрыс емес, соған арқаланып алған. «Заң бар. Ал сен аузыңды жап» дейді.

 Мен қорықпаймын. Талап етіп, табандап тұрып аламын.  Қабағын түйіп, аузы жыбырлап, тырысып құрысып қалады. Неге? Анығы, тәуелсіздік алсақ та «сәбеттік» идеология әлі өлмеген. Өткенмен өмір сүретіндер көп.

 Сіздерде қалай екенін білмедім, бірақ біздегі ресми кездесулер, конференциялар басқа да  қыруар іс-шаралар басынан аяғына дейін орысша өтеді. «Бөтендердің» ортасында отырасың. Амал жоқ...Балық басынан шіриді емес пе?!

Ұлттық мәселелерге келгенде шыдамсыз адаммын. Орыс тіліне ресми статустың қажеті жоқ деймін. Апырау, қашанғы аузымызды буады? Әлі қанша күтеміз? 20 әлде 30 жыл ма? Белгісіз.

– Билікте жалпы қоғамдық ортада қырғыз тілінің жоғын жоқтап жүрген ықпалды азаматтар бар ма?

– Бар. «Асаба» партиясының төрағасы Самоорбек Дыйканов, оппозициялық депутат Равшан Жээнбековті атап айтамын. Алғашқысы «жоғары оқу орындарында орыс тілінде білім алу ақымақтық» деді. Соңғысы орыс тілін қолданыстан мүлдем алып тастауды ұсынды. Бірақ, біз әлі де азбыз.

7e592e8c-0cde-45b4-9e4e-69df564c63b3_w640_r1_s_cx0_cy57_cw0Бүгінге дейін орысша сөйлесе де жүрегі қырғыз деп соғатын біраз шенеунікпен әңгімелестім. «Біз бір кезгі КСРО құрамындағы болмаса қазіргі Ресейге тәуелді ел емеспіз. Бірақ, біздің биліктің әзіргі әрекетіне қарап бұл күнде жақын қалды ма деп ойлаймын» деймін. Түсінген болады.  Алайда тәрбиені орысша алғасын қиын екен. Менің Қырғызстан тұтас қырғызша сөйлеуі керек деген сөзімнен сескенетін болуы керек.

Қырғыздың бөтеннің дүниесін, өзге ұлттың құндылығын тез қабылдап алатын қасиеті бар. Сонысы ұнамайды. Шыны керек, КСРО-ның құлағаны жақсы болды. Әйтпесе тілді қойып, тегімізден айырылып қалар ма едік. Қазіргі чукча, ханты манси, якуттар құсақты – Марья Петровна, Иван Иванович болып жүруіміз ғажап емес еді.

– Мысалға, бізде «қазақ тілін үйренуге не кедергі?» деген сауалға әркім әртүрлі жауап береді. Бірақ, көпшілігінің пікірі жағдай жасалмаған дегенге саяды. Шыны керек, соған сенбейсің. Қалай ойлайсыз, тіл үйренуге нақты қандай жағдай керек?

– Бізде де сөз көп. «Қырғызша неге үйренбейсің?»  десең, жырлап кетеді. Себебін санап болмайсың. Ондай талай адамның бет-пердесін сыпырғанмын. «Қырғыз тілін үйренгім келмейді деп тура айтпайсың ба? Философия соғудың қажеті қанша?» деймін. Міне, сондай кездері кімнің шовинист екені белгілі болады. Ондайлар өзінің қырғыз тілін үйренгісі келмейтінін сан түрлі себеппен ақтап бағады.

 Бір парасы мынадай: ұстаздар нашар, әдістемесі жетілмеген, тіл үйренуге жағдай жасалмаған, тіл комиссиясы дұрыс жұмыс істемейді.

 Ал енді мынаған қараңыз: биыл мемлекеттік тілді дамытуға бюджеттен 243 миллион сом бөлінді. Ендеше әлгілердің тіл үйренуге жағдай жасалмай отыр дегені өтірік сөз.

Сосын былай дейді: «Данияр Садықов алдымен медицина туралы кітаптарды қырғызшаға аударып алыңыз». Түсінгенім, олар орысқа, орыс әлеміне қатысы жоқ дүниелердің көпшілігіне жақтырмай қарайды. Әсіресе, бұл қырғыз ұлтына, қырғыз мұрасына қатысты болса.

 Орыс халқында мынадай көзқарас бар. Бәрін біз жасадық дейді. Біз болмасақ медициналық терминдерді қырғыздар  түсіне алмас еді дейді. Былжырайды. 
Сосын «орыс тілінің арқасында адам болдық. Оны ұмытсақ ертең орта ғасырларға қайта ораламыз» дейтіндер бар. Қырғыздың белді ғалымы Кулубек Боконбаев осылай депті. Іштей алжыған шығар деп ойладым. Бұл құлдық психологияның көрінісі емес пе? Солай ғой. 

e280366d40d4843044d83e7861e7d2d1Дегенмен, орыс тілін ресми статустан айыру керек деген ұсыныс қоғам, ұлт патриоттары тарапынан қандай қолдау табуы мүмкін?

– Шынымды айтсам бұл ақпараттың қайдан шыққанын білмеймін. Ғалымдар айтты дейді. Бастамасы дұрыс. Бірақ, қырғызстандық қоғамдағы кейбір арандатушы топтар мұны өз мүддесіне пайдаланып кетуі ғажап емес. Олар ертеңгі күні біздің құқымызды таптауда деп шу шығарады. Көр де тұрыңыз. Неге? Айттым ғой, еліміздегі этникалық орыстар мен өзге де ұлт өкілдері әлі күнге өткенмен өмір сүреді.

Былтыр біздің елдің асын ішіп, жерін басып жүрген Сергий Радонежский атындағы адам құқығын қорғау ұйымының төрағасы Игорь Трофимов пен оның жақтастары митинг ұйымдастырды. Биліктен орыс тілін дамытуға 243 миллион сом бөлуді талап етті. Сұраған жоқ, талап етті. Қырғыз тілін дамытуға дәл осыншама қаржы бөлетінін естіп қойған ғой. Орысқа тән мінезбен орыс тілін тарылтып жатқан «ЦРУ» және АҚШ-тың мемлекеттік департаменті деп айыптады. Көрдіңіз бе? Бұлар бәрін бағып отыр. Ондайларға от керек.

 Сосын «орыс тілінің арқасында адам болдық. Оны ұмытсақ ертең орта ғасырларға қайта ораламыз» дейтіндер бар. Қырғыздың белді ғалымы Кулубек Боконбаев осылай депті. Іштей алжыған шығар деп ойладым. Бұл құлдық психологияның көрінісі емес пе? Солай ғой. 

Білсеңіз КСРО кезінде Бішкектегі (ол кезде Фрунзе болатын) 64 мектептің арасында тек 1 ғана мектеп (!) қырғызша оқытты. Ал партиялық жиын-шарларда егер залда бір орыс отырса, жиын орысша жүргізілсін деген бұйрық болған.  Қазір де осы психология. Ортада жалғыз орыс отырса он қырғыз соның тілінде сайрап кетеді.

Тіл де тірі ағза. Орыстандыру саясаты қырғыз тілін өлім алдына әкелді. Айттым ғой, аз болғанда қазіргі якуттар мен чукчалардың күйін кешер ме едік. Дәл қазір орыс тілі мен қырғыз тілін қатар дамыту мүмкін емес. Себебі, алдыңғысы кейінгісін белден басып жатыр. Орыс тілі өлмейді. Ол қалыптасқан тіл. Оны дамытуға, кеңітуге тиісті туған отаны бар. Ал қырғыз тілі қайтпек?

– Әңгімеңізге рахмет!

Әңгімелескен, Думан БЫҚАЙ.


 
«Қала мен Дала» анықтамасы:

Данияр Садыков. Қырғыздың аты аңызға айналған қайраткері, Қырғыз автономиялық республикасын құру үшін күрескен, «Алаш Орда» партиясының Бішкек филиалын басқарған, 1938 жылы «контрреволюционер» ретінде айыпталып ату жазасына кесілген Абдыкерим Сыдыковтың немересі.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар