⠀
Жұмыс тобын Ахметовтың бірінші орынбасары Ерлан Аймұқашев басқарды. Оның құрамына ШҚО Полиция Департаменті басшысының бірінші орынбасары Жанболат Қалетаев, кәсіпкерлік, жер қатынастары және «Шығысқазжерқойнауы» аймақаралық департаментінің басшылары кірді.
⠀
Облыс әкімі комиссия жұмысының қорытындысын жария етті.
"Комиссия ауданда кәсіпкерлік қызметпен айналысып жатқан ешбір Қытай Республикасының субъектісі жоқтығын анықтады.
Бұған қоса, видеода көрсетілген жер учаскесін қазақстандық компания «Аймагер» ЖК өңдеуде.
Жеке кәсіпкер Алмагүл Манакованың айтуынша мұнда жүргізіліп жатқан ынталы жұмыс 2019 жылдың 8 тамызында алынған лицензия негізінде атқарылуда. Сондай-ақ, жер комиссиясының оң шешімі бар. Жұмысқа Күршім ауданының тұрғындары тартылған және олардың қатарында шетелдік азаматтар жоқ", – деді Даниал Ахметов.
Ал комиссия мүшелерінің айтуынша жалған ақпарат таратып, қоғамды дүрліктірген азаматтар Шығысқа Нұр-Сұлтаннан келген. Олар бұл араға қандай мақсатпен келгендері тергеу барысында анықталады.
Айта кетелік бұдан бұрын әлеуметтік желіде "Күршім ауданында өзге мемлекеттің азаматтары алтын өндіріп жатыр" деген бейнематериал пайда болған. Жазбада ер адам бұл жер телімдері көктемде Қытайға сатылып кеткен 45 мың га аумаққа кіреді деп мәлімдеген.
Өз кезегінде аталған материалмен танысып шыққан Шығыс Қазақстан облысының әкімі оның жалған екенін айтып, халықты арандатушыларға сенбеуге шақырған.
"Тіпті тілімдей жер болса да шетелдіктерге сатылмайды", – деген еді Даниал Ахметов.