Данияр Елеусіновтің әрекетінен кейін Алматы - Астана рейсі үш сағатқа кешіккен

Данияр Елеусіновтің әрекетінен кейін Алматы - Астана рейсі үш сағатқа кешіккен
видео кадры

Алматы әуежайында Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов ұшаққа отырғаннан кейін Астанаға ұшудан бас тартқан. Ол әуе кемесінен өз бетімен шығып кеткен, деп хабарлайды dalanews.kz kozachkov offside-қа сілтеп.

Көлік полициясы департаменті мәліметінше, авиациялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес қалған жолаушылар да ұшақтан түсірілген. Олардың багажы қайта тексеріліп, әуе кемесіне қосымша тексеріс жүргізілген.

Данияр Елеусінов Алматы әуежайындағы желілік полиция бөлімшесіне жеткізілген. Оған бес әкімшілік құқықбұзушылық бойынша хаттама толтырылған. Олардың қатарында ұсақ бұзақылық, қоғамдық орында мас күйде болу, қоғамдық орында темекі шегу, ұшу қауіпсіздігі талаптарын және әуе кемесіндегі тәртіпті бұзу бар.

Құқықбұзушылықтардың басым бөлігі үшін айыппұл қарастырылған. Ал ұсақ бұзақылық бойынша 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу жазасы қолданылуы мүмкін.

Жолаушылардың айтуынша, оқиғаға Данияр Елеусіновтің әйелімен арадағы жанжалы себеп болған. Осыдан кейін ол ұшақтан шығып, перронға жүгіріп кеткен.

FlyArystan әуе компаниясының рейсі Астанаға үш сағатқа кешігіп жеткен.