Кәсіпкерлікті дамытуға арналған "Даму" қорының топ-менеджерлеріне 2025 жылы жалпы 315,4 млн теңге көлемінде сыйақы төленген. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 35%-ға көп. , деп хабарлайды dalanews.kz.
Nege.Aqsha мәліметінше, былтыр қор басшылығына 233,8 млн теңге берілген.
Қордың қаржылық есебіне сәйкес, аталған қаражат жеті жетекші қызметкер арасында бөлінген. Олардың қатарында басқарма төрағасының бұрынғы төрайымы Гаухар Борибаева, қазіргі басқарма төрағасы Фархат Сәрсекеев, сондай-ақ Бақытжан Мақажанов, Арсен Мұстафин, Ербол Есқақов, Мұрат Бапаев және Талғат Смағұлов бар.