“Чектегі сома теңгемен және рубльмен көрсетілген”: Қазақстандық жігіт ресейлік пицца орталығының әрекетіне шүйлікті

Қаракөз Амантай 15 там. 2024 10:50 2359

TikТok әлеуметтік желісінің қолданушысы ресейлік Pizza Rоni пицца орталығының әрекетіне шүйлікті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Mmagza есімді желі қолданушысының айтуынша, пицца орталығында есепшотты екі валютада есептеп әкелген. Бірі - теңге, бірі - рубль. Мұны көрген ол ашуға булыққанын жеткізді. 

“Ресейліктер өзге елде шектен шығуды қашан қояды? Қазір ғана Pizza Rоni-дан шықтым. Бұл -  ресейлік франшиза. Тамақтанып болған соң, маған чек әкеліп берді. Чектегі сома теңгемен және рубльмен көрсетіліп тұр. Бұл не деген батпанқұйрық? Біз ұлттық валютамыз бар тәуелсіз мемлекетпіз. Қазақстанда тек осы валютаны қолданамыз. Неге есепшотты екі валютада әкеледі? Мен бұған түбегейлі қарсымын. Өйткені біздің елде бір валюта бар. Бұл - теңге. Олардың рублін қолданбаймыз”, - дейді ол.

Аталмыш видеоның астына әлеуметтік желі қолданушылары да біржақты пікір қалдырған. Бірі бұл орталыққа байкот жариялауды ұсынса, енді бірі заң тұрғысынан жауапкершілікке тартуды сұрайды.

“2Гис қосымшасынан бұлардың рейтиңін түсірейік. Қайда тұрып жатқандарын білсін, шовинистер”, “Неге рубль?! Сонда орыстарға арзан шыға ма? Осы қазақтарды қашанғы мал санайды екен орыстар, сөз жоқ”, “Тіпті чекті орыс тілінде әкелген, олар заңды бұзып тұр” деген пікірлер жазылған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар