Бұл туралы Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында Курчатов қаласының әкімі Алексей Глазинский мәлімдеді. Оның айтуынша, Курчатов қаласы бойынша шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға жергілікті бюджеттен жалпы көлемі 56 млн теңге бөлінді, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 7,7 млн теңгеге артық.
Қалада «Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті дамыту және қолдау мемлекеттік бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда. Онда кәсіпкерлерге грантты қаржыландыру, субсидиялау және кепілді жобалар сынды маңызды қолдау шаралары көрсетіледі. Несиелер бойынша төленген субсидиялар 960 мың теңгені құрады.
– Алты жеке кәсіпкерлік жобалары субсидия алды. Олардың бесеуі сауда саласын, біреуі сән салонын кеңейтуге бағытталды, – деді Алексей Глазинский.
Бұдан басқа, жалпы сомасы 37 млн теңгені құрайтын мемлекеттік грант бөлуге сегіз сұраным берілді. Іріктеу байқауының нәтижесі бойынша автокешенді және денсаулықты оңалту және диагностика орталығын ашу бойынша екі жобаға грантты қаржыландыру мақұлданды. Бөлінген гранттың жалпы сомасы шамамен – 10 млн теңге.
«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының екінші бағыты – микрокредит шеңберінде Курчатов қаласында жалпы сомасы 15,5 млн теңгені құрайтын үш жоба іске асырылды. Сонымен қатар аталған бағдарлама шеңберінде 2021 жылы Курчатов қаласының 19 тұрғынына өз істерін ашу үшін жалпы сомасы 11 млн теңгені құрайтын грантты қаражат берілді.
– Біз халықтың әлеуметтік-осал топтарына қолдау білдіру үшін мемлекеттік бағдарламаларды пайдаланамыз. «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде 20 адам қысқа мерзімді кәсіби білім алуға жолдама алды, 13 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды, 13 адам жастар тәжірибесіне, 126 адам қоғамдық жұмыстарға жолданды. 28 адам «Бастау-бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін меңгерді, – деді Алексей Глазинский.
Бұдан бөлек, 20 қала тұрғынына 200 АЕК бойынша мемлекеттік грант берілді. Негізінен гранттар халыққа қызмет көрсету саласы бойынша берілді, жекелей тоқталсақ, подология кабинетін ашуға, тігін жабдықтарын сатып алуға, косметолог кабинетін ашуға, кілем тазарту, дене сауықтыру студиясын ашуға, тамақ өндіру және жеткізу қызметін ашуға, кинотеатр ашуға берілді.
Қала басшысының айтуынша, Курчатов қаласында 2021 жылы 30 кәсіпкер өз ісін ашты.