Бишімбаевтың тергеу изоляторындағы жағдайы қандай? Министр жауабы

Азамат Қойшығара 20 нау. 2024 12:36 3055

Экс-министр, азаматтық некедегі әйелін өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаев өзге күдіктілермен ортақ камерада жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді. Одан Мәжіліс кулуарында журналистер "Қуандық Бишімбаев шынымен де ерекше жағдайда, бөлек камерада отыр ма?" деген сұрақ қойды.

"Мен бұл деректі жоққа шығарамын, ол жалпы камерада, жазасын өтеушілермен бірге отыр. Ешкімде ерекше шарттар жоқ. Барлығы заңға сәйкес. Барлығымен бірге отырады", - деп жауап берді жауапты шенеунік.

Бұған дейін Қуандық Бишімбаевтың ісін алқабилер соты қарайтыны айтылған. Сот талқылауы 27 наурызда басталатын болды.

Сотталушыларды қамауда ұстау мерзімі алты айға ұзартылды.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар