Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың анасы өзінің туысына қарсы сотқа жүгініп, оны 1 миллион долларды иемденді деп айыптады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Іс аса ірі көлемдегі алаяқтық бабы бойынша қаралып жатыр. Айып тағылған әйел өз кінәсін мойындамайды. Оның адвокатының айтуынша, бұл – отбасылық жанжал, ал талап арыз Нүкенова ісі бойынша Бишімбаевтар отбасына “көмектесуден” бас тартқаннан кейін пайда болған.
Бишімбаевтың анасын қорғаушы Ерлан Ғазымжанов SHYNDYK.KZ-ке сот процесінің мән-жайын айтып берген.
«Тергеу нұсқасы бойынша, 2023 жылдың желтоқсанында Кемелова Қуандық Бишімбаевтың ісіне байланысты Нұрлыбекованың ауыр эмоционалдық күйін пайдаланып, оған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің болашақта тінту жүргізетіні туралы ойдан шығарылған әңгімені айтып, ірі көлемдегі ақшаны өзіне беруге сендірген», - деді Ғазымжанов.
Адвокаттың айтуынша, сот отырысы айыпталушыға айыптау актісі уақытында табысталмағандықтан кейінге қалдырылған. Келесі тыңдау 13 қарашада өтеді. Онда жәбірленушіден жауап алу жоспарланып отыр.
«Менің ойымша, Кемелова да Грачева сияқты ‘жеңіл жолмен пайда табуға’ тырысты. Бірақ оны да сол тағдыр күтіп тұр деп есептеймін. Еске сала кетейін, Грачева бұған дейін Бишімбаевтар отбасынан 100 миллион теңге ұрламақ болғаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылған», - деп атап өтті қорғаушы.
Айта кетейік, айыпталушының мүддесін Нүкенова ісі бойынша Бишімбаевқа қарсы сот процесінде Нүкеновтер отбасын қорғаған сол адвокат қорғап жатыр.
                        
                            