Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты алғашқы сот отырысы 11 наурызда өтеді. Бұл туралы ақпарат Сот кабинетінде пайда болды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұған дейін Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс материалдары сотқа берілгені белгілі болды. Сондай-ақ, осы іс бойынша тағы бір қатысушы бар.
Айта кетейік, былтыр 9 қарашада экс-министр Қуандық Бишімбаев ұсталды. Сол күні сағат 19:54-те астаналық жедел медициналық қызмет көрсету станциясы пультіне қоңырау түскен. Жедел жәрдем бригадасы жеткенде 1992 жылы туған әйел қаза болғаны расталды. Кейін марқұм 31 жастағы Салтанат Нүкенова екені белгілі болды. Ол - Қуандық Бишімбаевтың әйелі.
Ал 11 қарашада Бишімбаев уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Қазір осы іске қатысты ақпараттық қақтығыс жүріп жатыр. Бұған дейін журналист Сырым Итқұлов бұрынғы министр Ермұхамет Ертісбаевты Бишімбаевты қолдауға қатысы бар адамдардың бірі екенін айтқан еді.
"Қуандықтың әкесі Уәлихан Бишімбаевтың ұлын қорғаштап, қоғамдағы пікірге әсер етуге тырысқан видеосы естеріңізде ме? Ол журналистер мен блогерлердің үсітнен өзін, ұлын, олардың отбасын көпшілік алдында қорлағаны үшін арыз жазды.
Ал бұқараға үн қату үшін оған Назарбаевтың бұлбұлы - Ермұхамет Ертісбаевтан басқа ешкім мүмкіндік берген жоқ.
Уәлихан Бишімбаев та сол сияқты, өмір бойы "ескі қазақстандық". Университетті басқаратын қатардағы ректор ретінде есепсіз байлық жинады. Олар қандай жолдармен "табылғаны" түсінікті, соның арқасында жұбайы ұзақ жыл бойы табысты бизнесті басқарды.
Көпшілік Қуандық Бишімбаевтың өзі де сыбайлас жемқорлық үшін отырғанын ұмытып кетті, бірақ туыстарының ықпалды байланыстарының арқасында ол мерзімінен бұрын бостандыққа шықты", - деді Итқұлов.
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева да осы іс бойынша дабыл қағып, Бишімбаевты ақтайтындарға таңы бар екенін жазды.