Бишімбаев Салтанатқа қатысты эротикалық видео туралы өз нұсқасын айтты

Көркем Алдабергенова 01 сәу. 2024 15:44 4002

Экс-министр Қуандық Бишімбаев сот отырысында Салтанатқа қатысты эротикалық видео туралы өз нұсқасын айтты, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұған дейін Бишімбаев Салтанат Нүкеноваға порнографиялық видеоларды көрсетіп, видеодағы сен емес пе деп сұрап, қысым көрсеткені айтылған болатын.

«Маған телеграм-арнаға сілтеме келіп, «Мына видеоны ашсаңыз әйеліңізге ұқсайтын адамды көресіз» деп жазылып тұрды. Бұл түнде болған жағдай. Мен таңғалып, ақтарып, эротикалық видеоны көрдім. Видеодағы қыз қатты ұқсайды. Түрі көрінбеді, бірақ қатты ұқсайды. Мен Салтанатқа видеоны көрсетіп «Кешірші, неге маған мынаны жіберіп жатыр?» деп сұрадым», - дейді Қуандық Бишімбаев.

Бишімбаев Салтанаттан видеодағы кім екенін түсіндіруді сұраған. Оның сөзінше, бұл оқиға олар үйленгеннен кейін 10 күннен соң болған.

«Отбасылық өміріміз осылай басталды. Ол видеодағы ол емес екенін айтқанына сенгенім түсінікті», - дейді Бишімбаев.

Еске салайық, алдын ала тыңдау барысында прокурор экс-министр мен марқұм әйелінің қарым-қатынасына қатысты жантүршігерлік мәліметтерді айтқан болатын.

«Бишімбаев қызғаншақ болғаны соншалық Салтанатқа порнографиялық видеоларды көрсетіп, «бұл сен емес пе?» деп сұраған», - деген еді прокурор.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар