Бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты, - деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.
«Министр Қуандық Бишімбаев «Бәйтерек» холдингіндегі қызметіне қатысты туындаған мәселелерге байланысты орнынан босады. Қазіргі сәтте оған қатысты тергеу шаралары жүріп жатыр. Тимур Сүлейменов Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды. Ол өзіне қойылған міндеттерді абыроймен атқарады деп сенемін», - деді Мемлекет басшысы.
ҚР сыртқы істер министрлігінің басшыларымен кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық экономикадағы тағайындауларда болып жатқан өзгерістер жайлы айтты.