Билік өкілдері Түркия халқын жойқын жер сілкінісіне дайын болуға шақырды - БАҚ

Сағыныш Сардарова 23 сәу. 2025 17:49 344

Түркия Парламентінің төрағасы Нуман Куртулмуш Ыстамбұлда болуы мүмкін жер сілкінісіне байланысты халықты дайын болуға шақырды. Бұл туралы Anadolu басылымы жазды,- деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ол жер сілкінісінен зардап шеккендерге көңіл айтты.

"Ыстамбұл мен оның маңындағы аймақтарда қатты сезілген жер сілкінісін бастан өткердік", - деді ол.

Ол қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түспегенін мәлімдеді.

"Бұл жер сілкінісін ауыр салдарсыз еңсеріп, халық ретінде тағы бір үлкен қауіп-қатерді артта қалдырамыз деп үміттенеміз. Халқымыз, мекемелер мен ұйымдар дайын болып, жер сілкінісін шығынсыз өткеруге тырысуы қажет", – деді Түркия Парламентінің төрағасы.

Айта кетейік, Ыстамбұлда 23 сәуірде жергілікті уақыт бойынша 12:49-да жойқын жер сілкінісі тіркелді. Түркияның төтенше жағдайлар басқармасының (AFAD) мәліметінше, жерасты дүмпулері Ыстамбұл, Текирдаг, Ялова, Бурса және Балыкесир провинцияларында сезілген.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар