Билеттер 20 мың теңгеден: Алакөлге кезекті субсидияланатын әуе рейсі ашылады

Ақтоты Жапатова 29 мам. 2025 10:47

2025 жылғы 1 маусымнан бастап қазақстандық SCAT әуе компаниясы Алакөлге жақын орналасқан Үшарал және Үржар қалаларына субсидияланатын тұрақты рейстерді орындай бастайды. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігі мәлімдеді, – деп хабарлайды Dalanews.kz

Жаңа бағыттар жазғы туристік маусым қарсаңында іске қосылып отыр. Астана мен Алматы қалаларынан Үшаралға және Үржарға аптасына 7 рейс орындалады. Бір бағыттағы билет құны 20 мың теңгені құрайды. 

Көлік министрлігінің мәліметінше, билеттер онлайн сатылымда қолжетімді болады. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар