Биыл Талдықорғанға 17,2 миллиард теңге көлемінде инвестиция тартылған

Dalanews 21 мау. 2022 13:31 688

Талдықорғанда инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту бойцынша 5 айдың қорытындысы шығарылды.

Бүгінде қаланың қорына 17,2 миллиард теңге көлемінде инвестиция тартылған. Бұл туралы қала әкімі Әсет Масабаев айтып берді.

Биыл маусым айында «Айсулу» тігін фабрикасы іске қосылды. Жаңа 100 жұмыс орны ашылды. Ал, тамыз айында "BARS TECHNOLOGIES" ЖШС газ блоктарын шығаратын зауытты іске қосу жоспарлап отыр. 800 миллион теңге инвестициямен, 80 жұмыс орны ашылмақ. Күзде «Алмаз керамикс» ЖШС керамикалық плиталар өндіру зауытын кеңейту жоспарланып отыр. Сонымен қатар қазан айында аккумуляторлар шығаратын зауыты іске қосылмақ.

2023 жылы астық қоймасын, керамикалық және қаптау кірпіштерін шығаратын зауыт, автоклавты газоблоктарды өндіретін өнеркәсіп ашу жоспарланған.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар