ҚР Ұлттық Банкі 2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша еліміздегі банктердің есеп-қисабының статистикасын жариялады. Оған сәйкес, банк секторының бір жылдағы жалпы табысы 16,6%-ға, яғни 664 млрд теңгеге дейін артқан. Алайда бұл банктердің барлығы бірдей жағалай табыста дегенді білдірмейді. Мәселен, еліміздегі 21 банктің сегізі былтырғы көрсеткішін де қайталай алмаған, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Былтырғы көрсеткішін қайталай алмағандар ішінде Jusan Bank пен Еуразиялық банк алдыңғы қатарда тұр.
2025 жылдың 1 сәуірдегі жағдай бойынша, Jusan Bank алдыңғы жылмен салыстырғанда 5,3 млрд теңге аз пайда тапқан, яғни алдыңғы жылы тапқаны 44,6 млрд теңге болса, биылғысы — 39,3 млрд теңге. Ал Еуразиялық банк өткен жылғыға қарағанда кірісі 21,1 млрд теңгеге аз: 2023 жылдың 1 сәуірінен 2024 жылдың 1сәуіріне дейінгі табысы - 37,8 млрд теңге, 2024-2025 жылдары - 16,7 млрд теңге. Freedom Bank-тің де алдыңғы жылғы кірісінен биылғысы 19,3 млрд теңгеге кем.
Қалған бес банк бойынша мәлімет төменгі кестеде:
2024 жылғы табысын қайталай алмаған банктер | 2023 жылдың 1 сауірінен 2024 жылдың 1 сауірі аралығындағы табысы, тг | 2024 жылдың 1 сауірінен 2025 жылдың 1 сауірі аралығындағы табысы, тг |
бір жылда қысқарған көлем, тг |
Ситибанк | 26 млрд теңге | 20,4 млрд теңге | 5,6 млрд теңге |
Altyn Bank | 11,6 млрд теңге | 9,8 млрд теңге | 1,8 млрд теңге |
Шинхан Банк Қазақстан | 7,7 млрд теңге | 7,3 млрд теңге | 04, млрд теңге |
Нұрбанк | 2,7 млрд теңге | 1,3 млрд теңге | 1,4 млрд теңге |
Зираат интернейшнл банк (еншілесі) | 3,8 млрд теңге | 3,7 млрд теңге | 0,1 млрд теңге |
Ал, керісінше алдыңғы жылғы көрсеткішті жаңартып, тіпті одан асып түскендері мыналар:
- Bereke Bank - 29 есеге артқан, 13,2 млрд теңгеге дейін;
- "Заман-Банк" Ислам банкі - 10,4 есеге, 4,2 млрд теңгеге дейін;
- ЦКБ - 1,9 есе, 78,5 млрд теңгеге дейін;
- "ADCB" Ислам Банкі — 1,7 есе, 1,1 млрд теңгеге дейін;
- Halyk Bank-1,5 есе, 247,1 млрд теңгеге дейін;
- ForteBank - 1,4 есе, 42,3 млрд теңгеге дейін;
- Bank RBK-1,4 есе, 17,6 млрд теңгеге дейін;
- Home CREDIT Bank - 1,4 есе, 9,5 млрд теңгеге дейін;
- "Банк ВТБ" АҚ ЕҰ (Қазақстан) - 1,4 есе, 12,7 млрд теңгеге дейін;
- Отбасы Банкі - 1,2 есе, 36,5 млрд теңгеге дейін;
- Қытай Банктің Қазақстандағы еншілесі - 1,2 есе, 6,4 млрд теңгеге дейін;
- Қытайдың Алматыдағы Сауда-өнеркәсіп банкі - 1,2 есе, 5,5 млрд теңгеге дейін;
- Kaspi Bank - 1,1 есе, 128,3 млрд теңгеге дейін.
Бұған дейін сайтымызда Қазақстанның үздік 10 банкінің бесеуінде депозиттердің жабылуы, ақшаны әкету фактісі тіркелгенін жазғанбыз.