− Былтырғы жылы облыстық бюджет есебінен 180 млн теңге бөлініп, жер қазу, құрылыс монтаждау жұмыстары басталған болатын. Ал биыл қалған 2 млрд 555 млн теңге бөлініп құрылыс жұмыстары қызу жүргізілуде. Тұрғын үйлердің құрылысын ағымдағы жылдың қыркүйек айына дейін аяқтау жоспарлануда. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң 480 жанұя пәтермен қамтамасыз етілетін болады , − дейді Төлеби аудандық құрылыс бөлімінің сектор меңгерушісі Шыңғыс Сейітов.
Бұл үйлер коммуналдық меншікке алынып, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға берілетін болады. 8 үйдегі пәтерлердің жалпы аумағы 29 мың шаршы метрді құрайды. Мұнда пәтерлер 1, 2,3 бөлмелі болып бөлінеді. Тұрғын үйлер аумағын абаттандыру жұмыстарына облыстық бюджет есебінен 50 млн теңге бағытталмақ.
Бұдан бөлек, осы мөлтек ауданда 5 қабатты 40, 20 пәтерлі 2 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарына облыстық бюджеттен қаржы бөлінген. Қазіргі таңда жер қазу жұмыстарына дайындық жұмыстары жүргізілуде. Бұл екі нысан құрылыстары 2018 жылы аяқталады деп жоспарлануда.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі