Биыл Алматыда құны 40,5 млрд теңгенің 9 жобасын іске қосылады

Dalanews 26 мам. 2021 15:21 796

Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасындағы тікелей эфирінде ндустриалды аймақ базасында өнеркәсіптік кәсіпорындарды дамыту үшін жағдайлар жасау туралы айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бүгінде Алматының Индустриалды аймағында 100 млрд теңгенің өнімін өндіруге мүмкіндік беретін 14 инвестициялық жоба жүзеге асуда. Биылғы жылдың соңына дейін 40,5 млрд теңгенің 9 жобасын іске қосу жоспарлануда. Ірі жобалардың бірі – Hyundai жеңіл автомобильдерін шығаратын зауыт.

Almaty Business бағдарламасы аясында Индустриалды аймақпен қатар 10 шағын өндірістік парк құрылды. Инвестициялардың жалпы сомасы – 5,3 млрд теңге, оның ішінде 2020 жылы 3 өндірістік парк іске қосылды, жыл соңына дейін 5 өндірістік паркті ашу жоспарлануда. Мұнда 1,1 мыңнан астам жұмыс орны құрылады. Өндірістік парктерде тамақ, жеңіл өнеркәсіп, жиһаз және өнеркәсіптік құрылыс салаларының 29 кәсіпорыны жұмыс жасауда.

Жоғары технологиялы компаниялар үшін «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы бар. Инфрақұрылым салынды, қатысушыларға салықтық және кедендік жеңілдіктер ұсынылуда. Қазақстанда алғашқы фармацевтикалық кластерді құру үшін 4 компания тартылды, ал инвестиция көлемі 33 млрд теңге. Сондай-ақ, құрал-жабдықтар жасайтын салада құны 10,3 млрд теңге болатын 4 жоба жүзеге асырылады.

Жобаларды іске асыруда Алматының Іскерлік кеңесі ауқымды жұмыстар жүргізді, өйткені оның құрамында бизнестің адамдары бар. Кеңес жанынан 9 салалық комитет құрылған, бұларда бизнесті қолдаудың өзекті мәселелері талқыланады. Іскерлік кеңестің қатысуымен қала экономикасын қалпына келтіру және дамыту бойынша дағдарысқа қарсы шаралар әзірленген болатын.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар