Бүркіт: "Сенбеңіздер"

Dalanews 17 нау. 2018 11:43 986

Туристік агенттік мамандары Бүркітке телефон шалып шетелге тегін екі жолдама ұтып алғанын айтып мекемеге келуін өтінеді. Шақырған жерден қалмайын деген Бүркіт Айшасын ертіп компанияға барады.



«Сөйтіп келдік, он шақты адам отырды. Бір классқа отырғызды. Презентация болады деді. Мен ондай нәрселерге қатты сене бермеймін. Тегін нәрсе еш жерде жоқ қой. Сұрай бастадым. Не ұттық деп», – дейді Бүркіт.

Тегін ірімшіктің тек қақпанда ғана болатынын әнші фирмаға келгенде бірақ ұққан.

«Қандай сыйлықтар ұттық. Қай жақтан деген сұрақтарды қоя бастадық.  Содан бұлар түсіне бастады. Енді бұлар да психолог қой. Бұндай компанияларда істейтін адамдар олар да психолог, олар да ойланады. Олар бізді жеке шығарып алып, суретке түсіріп алайық деді. Оған да көндік», – дейді Бүркіт.

Дегенмен, әнші әлі күнге дейін жарнама таратып жүрген фирманың әрекетін түсіне алмай дал.

Компаниядан сұхбат беруге шыққан Айдос есімді жігіт Бүркітке жолдама емес, тұрмыстық техника сыйладық деп бетбақтырмайды.

Бүркіт халықты танымал өнер адамдары арқылы ұпай жинайтын фирмаларға сенбеуге шақырады.

«Мұндай нәрселерге біздің атымызды пайдаланып, жарнама жасап жүргендерге біз қарсымыз. Біздің негізгі мақсатымыз – халық алданып қалмасын. Сенбеңіздер», – дейді Бүркіт.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар