Астана тұрғыны бұрынғы күйеуінен келіп жатқан қоқан-лоққыларға байланысты өз өміріне қауіп төніп тұрғанын айтып, полициядан көмек сұрады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Телеграмдағы мәліметке сәйкес, әйелдің сөзінше, олар өткен жылдың көктемінде тұрмыстық зорлық-зомбылық салдарынан ажырасқан. Сол кезде ол балаларын алып, бөлек кеткен.
Ол бұрынғы жұбайының өзін аңдап, жиі хабарласып, «өлтіремін» деп қорқытатынын айтты. Бірнеше рет полицияға арыз бергенімен, қажетті шаралар қолданылмаған. Бүгін әйел тағы да арызданды.
Жәбірленуші өзінің ұрып-соғу фактілерін растайтын дәлелдері барын және балалардың әкесінен қорқатынын жеткізді.
