Ақмола облысының Бурабай ауданында квадроцикл аударылып, салдарынан 22 жастағы Астана тұрғыны көз жұмды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Полицияның мәліметінше, қайғылы оқиға 7 шілде күні Зеленый Бор мен Бурабай кенттерінің арасындағы жолда болған. Квадроциклді басқарған бойжеткен көлікті тізгіндей алмай, салдарынан техника аударылған.
Ауыр жарақат алған жүргізуші оқиға орнында көз жұмды.
Квадроциклде онымен бірге келе жатқан 19 жастағы жолаушы түрлі жарақат алып, медициналық көмекке жүгінген.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полицейлер жол апатының мән-жайын анықтап жатыр.