Бурабай маңындағы қарағайлы орманда олигархтарға ғимараттар салына ма? Тұрғындар алаңдаушылық білдірді

Бурабай маңындағы қарағайлы орманда олигархтарға ғимараттар салына ма? Тұрғындар алаңдаушылық білдірді
"Письма Президенту" арнасынан

Ақмола облысы Щучинск қаласында тұрғындар Бурабайға жақын маңдағы қарағайлы орманның бір бөлігі қоршалғанына алаңдап отыр, деп хабарлайды dalanews.kz.

Әлеуметтік желіде жарияланған ақпаратқа сүйенсек, қоршалған аумаққа жылжымайтын мүлік салынуы мүмкін. Жазба авторлары бұл жерге олигархтарға арналған ғимараттар салынуы ықтимал деп күдіктеніп отыр. Алайда бұл ақпарат әзірге расталған жоқ.

Тұрғындар жер телімі қандай негізде берілгенін, қоршаудың заңдылығын және құрылыс жүргізу жоспары бар-жоғын тексеруді талап етті.

"Жарияланған ауқымды құрылыс жылы бұлай өтпеуі керек", - деп жазылған жазбада.

Сондай-ақ, тұрғындар Ақмола облысының әкімі Марат Мұратұлынан жағдайға назар аударып, тиісті шара қабылдауды сұрады.