«Бұл жерде ертең балаларымыз жаттығып, шынығады». Шөкеев құрылысшыларды сапалы жұмысты талап етті

Dalanews 27 шіл. 2021 08:24 930

Түркістан қаласында әлемдік стандарттарға сай теннис орталығы салынып жатыр. Әкімшілік-іскерлік орталықта орналасқан заманауи спорттық нысанның құрылысы толықтай испаниялық жобаның үлгісімен жүзеге асуда, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нысанның жер аумағы 2,5 гектарды құрайды, жалпы ауданы 5000 м2. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев облыс орталығында бой көтерген жаңа нысандарды аралап, құрылысшылармен кездесті.

Жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырма жүктеді. Облыс басшысы бекітілген кестеден ауытқымауды есткертті және кей құрылыс алаңындағы жұмысшылар санын арттыруды тапсырды. Сапа – басты назарда.

Теннис орталығы 7 ашық теннис кортынан, көрермендерге арналған жиналмалы мінбелер, әмбебап ойын алаңы, балалар ойын алаңынан тұрады.

– Құрылыс барысында әр қадам маңызды. Әсіресе сапаға салғырт қарауға жол бермеу керек. Жаңадан салынып жатқан барлық спорт нысандарына талап осы. Халыққа ыңғайлы, сапасы мінсіз болуы тиіс. Бұл жерде ертең балаларымыз жаттығып, шынығады. Балаларды, жасөспірімдерді ерте жастан спортқа баулу арқылы біз келешек ұрпағымызды тәрбиелейміз, – дейді облыс әкімі.

Облыс әкімі сондай-ақ спорт кешендері бар есу каналының құрылыс алаңында болды. Елімізде баламасы жоқ спорт кешендері бар ескек есу каналы халықаралық талаптарға сай олимпиадалық орталыққа айналады. Елімізде су спорты түрлерін дамытып, Түркістан қаласында жоғары деңгейдегі жарыстар өткізуге мүмкіндік береді.

Шаһардың сәулеттік көркін келтірумен қоса, туризмді дамытып, өңірде қолайлы микроклимат қалыптастыруға сеп болмақ. Халықаралық дәрежедегі ескек есу жəне байдарка спорты бойынша олимпиадалық стандартқа сай орталық 100 гектарға жуық алаңда орналасқан. Каналдың ұзындығы – 2222 метр. Ені 260 метр, тереңдігі 4 метр.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар