«Қазақстан мемлекеттік деңгейде орыс тілін баяу, десе де қалай болғанда да ығыстыруды жалғастыруда. Республиканың Көлік министрлігі бірнеше вокзалдың атын өзгертіп, орысша атауларды қазақшаға ауыстырғысы келеді. Мысалы, «Уральск» станциясын «Оралға», «Узеньді» «Жаңаөзенге» және т.б. ауыстыруды ұсынып отыр. Балтық жағалауы елдерінің тәжірибесі көрсеткендей, бұл - өте қауіпті үрдіс. Мұнда да бәрі кішкентай дүниелерден басталып, кейін нағыз апатқа айналады: орыс мектептері жабылады, кеңестік ескерткіштер алынып тасталады, орыс тіліне тыйым салынады, содан соң зейнеткерлер суық жаққа қуылады», - деп жазды Тина Канделаки Telegram парақшасында.
Қазақстандық журналист Динара Сәтжан Канделакиге Қазақстанның тәуелсіз мемлекет екенін және қазақстандықтар теміржол вокзалдарын қалай атайтынын өздері шешетінін еске салды.
«Екіншіден, Қазақстан тәуелсіздік алған жылдар ішінде Кеңес өкіметі жылдарында жоғалған ана тілін біртіндеп қайтарып келеді.
Үшіншіден, орыс тілі елімізде ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады, ал қазақ тілі - мемлекеттік тіл! Бұл біздің Конституцияда 7-баппен бекітілген. Темір жол вокзалдары сіз жазғандай өзгертілген жоқ, бірақ қазақ тіліндегі дұрыс аумақтық атауларына ауысты. Орыстың ығысуының бұған қандай қатысы бар? Біз тек мемлекеттік тілде ғана емес, орыс, ағылшын тілдерінде де сөйлейміз. Бұл - біздің күшіміз!» – деп жауап берді Д.Сәтжан.