Жақында одақтастар жеткізген «Сұңқарлар», «Кек алушылар» және «Аңшылар» Украина Қарулы Күштерінің майдандағы артықшылығын арттыруға арналған іспетті деп жазады Dalainside телеграм арнасы.
Әне-міне дегенше, Украинадағы соғыстың жүріп жатқанына тоғыз ай. Қазір Батыстың Украинаға әскери көмегіне қатысты жағдай күрт өзгерді.
Тіпті, кейбір одақтас мемлекеттер көктемде қақтығыстың өршуінен және РФ Қарулы Күштеріне жаңа техниканың келуінен сескеніп, заманауи қару-жарақтарды ұсынудан аздап жүрексінген.
Алайда, қараша айынан бері Украина Қарулы Күштерінің Харьков және Херсон облыстарындағы жетістіктерінен кейін мұнда батыстан ағылған көмек саны да, сапасы да едәуір артты.
Мінекей, HIMARS-тан басқа одақтастар беретін жаңа техника (Батыс баспасөзіндегі жарияланымдар бойынша) мыналар:
✣ Немістің «Гепард» типті өздігінен жүретін зениттік қондырғыларының әуе нысаналарына дәл тигізуде тиімділігі жоғары. Германия украиндарды өздері оқытуды қолға алды. Тіпті, 2023 жылдың көктемінде тағы да жаңа партия беретінін жариялады.
✣ Мәртебелі Корольдік Әуе күштерінің негізін құрайтын британдық «Sea King» тікұшақтары. Бұлар да «Сүңгуір қайықтарды барлауға» маманданған әуе кемесін Украинаға беріп отыр.
✣ M777 155 мм американдық гаубицалары ресейлік 152 мм-ге қарама-қарсы қасқайып тұра алады.
✣ Мәскеудің Ираннан алғанындай Камикадзе дрондарының бірнеше түрі жеткізілді.
✣ Әуе қорғанысы күштеріне қарсы жаңа «NASAMS» әуе қорғанысы ұшқышсыз ұшақтарды да, тікұшақтарды да атып түсіре алады. Бұлар Ақ үйдің қорғанысында да тұр. Айта кету керек, америкалықтар Норвегияда Украина қарулы күштерінің жауынгерлері үшін жаттығулар өткізді. Бұл жоба бірлесіп қаржыландырылған болатын.
✣«Avenger» («Кек алушы») жоғары мобильді әуе қорғанысы дрондарға қарсы өте тиімді. Сондай-ақ, инфрақызыл көру және лазерлік тұрығыдан бағыттау алады. Кәдімгі «Стингерлер» сияқты жоғарыдағыны дәлдейді.
✣ «Hawk» («Ястребы») зенитті зымыран кешені «Стингерлерден» кейінгі шыққан буын. Осы америкалық зенитті зымыран кешенінің алғашқы партиясын Украинаға Испания беріп отыр.
Бұл басы ғана.
Батыс елдерінің Украинаға ұсынып жатқан көмегі әрі қарай жалғаспақ.
Украина Қарулы Күштері 2023 жылдың көктемінде Пентагон белсенді пайдаланатын M26 зымыран қозғалтқышымен жабдықталған және 150 шақырымға дейінгі қашықтықта ұшырылатын GLSDB шағын диаметрлі бомбаларын алады.
Қазірдің өзінде батыс сарапшылары Украина Қарулы Күштерінің сәтті операцияларының жоғары жиілігі мен сапасын ерекше атап өтуде.
Осыған қатысты пікірін бір сөйлемге сыйдырған Еуропалық халықаралық қатынастар кеңесінің (European Council on Foreign Relations) сарапшысы Камилла Гранд «Украинадағы бір күн Ауғанстандағы бір айдан артық», – деді.
https://dalanews.kz/aimak/84363-zhengis-qasymbek-astanadagy-auyz-su-zhan