“Бұл банк нағыз монополистке айналды”. Депутат Мұқаев Kaspi банкінің кэшбэк жүйесін сынға алды

“Бұл банк нағыз монополистке айналды”. Депутат Мұқаев Kaspi банкінің кэшбэк жүйесін сынға алды
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі
Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев Kaspi.kz банкінің қызметіне қатысты пікір білдіріп, әлеуметтік желіде үлкен талқы тудырды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев Kaspі банкінің қызметіне қатысты пікір білдіріп, әлеуметтік желіде үлкен талқы тудырды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Депутат Threads желісінде жазған жазбасында Kaspi.kz банкін сараңдық танытып отыр деп айыптады. Оның айтуынша, банк арқылы жасалатын төлемдер үшін берілетін кэшбэк өте аз – бар болғаны 0,25%. Сонымен қатар банк жыл сайынғы қызмет көрсету үшін 1 995 теңге алады және басқа банкке ақша аударғанда комиссия ұстайды.

“Kaspi-де 12 миллионнан астам тұтынушы бар. Егер әрқайсысынан осындай төлемдер алынса, қаншалықты табыс түсетінін есептей беріңіздер. Бұл банк нағыз монополистке айналды. Білгенін істейді,” – деп жазды Мұқаев.

Блогер кейбір банктердің клиенттерге тиімдірек ұсыныстар жасап жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, кейбір банктер орта есеппен 5-10% кэшбэк ұсынса, арнайы акциялар кезінде бұл көрсеткіш 30%-ға дейін жетеді.

“100 мың теңге жұмсасаңыз, шамамен 10-12 мың теңге кэшбэк ретінде қайтып келеді. Онымен телефон тарифін, интернет қызметін төлеп тастауға болады. Ал Kaspi-де мұндай сомадан бар болғаны 250 теңге бонус жиналады,” – дейді ол.

Мұқаев басқа банктерде қызмет көрсету ақысы 0 теңге, аударымдар үшін комиссия жоқ, тіпті кейбір банктердің карталарымен қоғамдық көлікте тегін жүруге болатынын айтады.

“Kaspi қолдануға ыңғайлы шығар, бірақ ақшаны үнемдеу тұрғысынан тиімсіз. Сондықтан жаңа жылда банк ауыстыратын кез келген сияқты,” – деп түйіндеді блогер.