Бүгіннен бастап жазғы дөңгелекпен жүргендерге айыппұл салынады

Сағыныш Сардарова 01 жел. 2025 10:13

1 желтоқсаннан бастап жазғы дөңгелекпен жүргендерге айыппұл салынады, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Бұл талапты бұзса, жүргізушілерге 5 айлық есептік көрсеткіш (19 660 теңге) көлемінде айыппұл салынады. Қайталанса, айыппұл 20 АЕК-ке (78 640 теңгеге) дейін өседі.

2026 жылдан бастап айлық есептік көрсеткіш 4 325 теңге болады, сондықтан айыппұл мөлшері де артады. 

Кеден одағының "Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне сай 1 желтоқсаннан 28 ақпанға дейін жазғы дөңгелекпен жүруге болмайды. Бұл ереже Қазақстанның Жол жүрісі қағидаларында да бекітілген, оны бұзу әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар