10 наурызда Жетісу облысының батысында, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, солтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20, күндіз Алакөл көлдері ауданында 23-28 м/с. Талдықорған қ.: 10 наурызда кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі.
10 наурызда Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ, жаяу бұрқасын. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с. Шымкент қ.: 10 наурызда жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түркістан қ.: 10 наурызда кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
10 наурызда Ақмола облысында қар, бұрқасын, түнде облыстың батысында, күндіз оңтүстік-шығысында қатты қар күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с. Көкшетау қ.: 10 наурызда таңертең және күндіз қар, бұрқасын күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
10 наурызда күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында, күндіз облыс көлемінде көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман.
Алматы қ.: 10 наурызда күндіз кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Қонаев қ.: 10 наурызда кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 10 наурызда күндіз кей уақыттарда қатты жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Көктайғақ. Онтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.
Астана қ.: 10 наурызда кей уақыттарда қар, бұрқасын, тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23 м/с.
10 наурызда Павлодар облысында қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде қатты қар күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с. Павлодар қ.: 10 наурызда қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 25 м/с.
10 наурызда Абай облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Семей қ.: 10 наурызда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Күндіз бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
10 наурызда түнде және таңертең Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20, кей уақытта 23 м/с.
10 наурызда түнде Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, облыстың солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с. Қарағанды қ.: 10 наурызда түнде аздаған қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с.
10 наурызда түнде Ұлытау облысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с. Жезқазған қ.: 10 наурызда түнде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с.
10 наурызда Атырау облысында солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Атырау қ.: 10 наурызда солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15-18 м/с күтіледі.
10 наурызда түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, орталығында көктайғақ, тұман күтіледі.
10 наурызда күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-батыстан оңтүстікке ауысып соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 10 наурызда күндіз қар, жаяу бұрқасын күтіледі.
10 наурызда түнде Солтүстік Қазақстан облысының шығысында қар, жаяу бұрқасын, күтіледі. Облыстың батысында, шығысында тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с. Петропавл қ.: 10 наурызда батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с күтіледі.
10 наурызда түнде Ақтөбе облысының қар, жаяу бұрқасын, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында қатты қар күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20, түнде кей уақыттарда екпіні 23 м/с күтіледі. Ақтөбе қ.: 10 наурызда түнде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады түнде екпіні 15 м/с күтіледі.
10 наурызда түнде және таңертең Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қар, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Жел батыстан соғады, күші 15-20 м/с, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 25 м/с күтіледі. Қызылорда қ: 10 наурызда түнде қар, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Жел батыстан соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.
