Бүгін ауа райы қандай болады?

Бүгін ауа райы қандай болады?
pixabay.com
14 қазанға Қазақстанның 15 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Dalanews.kz  Қазгидрометке сілтеме жасап.

14 қазанға Қазақстанның 15 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Dalanews.kz  Қазгидрометке сілтеме жасап.

Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде және оңтүстік- шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік- шығыстан соғатын жел күндіз облыстың батысында және оңтүстігінде 15-20 м/c жылдамдықпен соғады.

Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Шығыстан соғатын жел күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында 15-20 м/c жылдамдықпен соғады. Облыстың оңтүстік- батысында өрттің жоғары қаупі сақталады.

Алматы облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, ал батысында өрттің жоғары қаупі күтіледі.

Күндіз Атырау облысының батысында, солтүстігінде және шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік- шығыстан солтүстік- батысқа ауысатын жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/c дейін жетеді. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, солтүстік- шығысы мен батысында өрттің жоғары қаупі күтіледі.