Бүгін ауа- райы қандай болады?

Асель Қайратқызы 21 қаз. 2025 07:05

21 қазанда Қазақстанның 14 облысында дауылды ескерту жарияланды деп хабарлайды Dalanews.kz.Казгидрометке сілтеме жасап.

Ақмола облысында түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман болады. Оңтүстік- батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетау қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Жетісу облысының өңірлерінде тұман, ал түнде облыстың орталығы мен шығысында 1-3 градус үсік күтіледі. Талдықорғанда түнде 1-3 градус үсік болады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысы, солтүстігі және оңтүстігінде тұман күтіледі. Петропавл қаласында да түнде және таңертең тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының батысында жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең батыс пен солтүстікте тұман болады. Күндіз облыстың шығысы мен оңтүстігінде оңтүстік- шығыстан соққан желдің екпіні 15- 20 м/c болады.

Шығыс Қазақстан облысы түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз оңтүстік- шығысында шығыстан, оңтүстік- шығыстан жел соғып, екпіні 15-18 м/c жетеді.

Атырау облысында 21 қазанда облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде оңтүстік- шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/c жетеді.

Солтүстік, оңтүстік және шығыс өңірлерде ерекше өрт қаупі сақталады, солтүстік- шығыс пен оңтүстік- шығыста жоғары өрт қаупі бар.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар