Бүгін 22 айдан бері қамауда отырған Алмасбек Садырбайдың соты жалғасуы мүмкін

Бүгін 22 айдан бері қамауда отырған Алмасбек Садырбайдың соты жалғасуы мүмкін
Фото: inform.kz

Бүгін, 17 қыркүйекте Қонаев қалалық сотында агросарапшы әрі қоғам белсендісі Алмасбек Садырбайға қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтуі тиіс. Алайда ашық дереккөздерде отырыстың нақты уақыты мен бүгін қаралатын мәселелер туралы ресми хабарлама әзірге жарияланбаған, деп хабарлайды dalanews.kz.

Айта кетейік, Алмасбек Садырбай 2024 жылғы 5 қарашада ұсталған еді. Осылайша ол тергеу изоляторында 22 айдан астам уақыт отыр. Істі сотта қарау 2026 жылғы сәуірде басталды.

Тергеу нұсқасы бойынша, Садырбай мен өзге де айыпталушылар 2021–2024 жылдары жалған ауыл шаруашылығы кооперативтерінің көмегімен мемлекеттік субсидияларды заңсыз алған. Келтірілген залал көлемі шамамен 1,2 млрд теңге деп көрсетілген. Оларға ұйымдасқан қылмыстық топ құру, алаяқтық және қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыруға қатысты айыптар тағылғаны хабарланды.