БТА Банк Рақышевқа тиесілі компанияның акционері атанды

Кәмшат Тілеухан 14 қаң. 2025 10:47 496

Кәсіпкер Кеңес Рақышевқа тиесілі Fincraft Resources акционерлері құрамына 2024 жылдың 31 желтоқсанынан бастап дауыс беруші акциялардың 10 және одан да көп пайызына иелік етеуші БТА Банк  енді. Екі апта бұрын акционерлер құрамына енген компанияны тықсырып, оның орнын басқан банк Fincraft Resources-тің екінші акционері атанды, ал алғашқы акционері Рақышевқа тиесілі "Fincraft Group" ЖШС болып қала бермек. 2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша ол Fincraft Resources-тің қарапайым акцияларының 78,85% иелік етеді, деп жазады Dalanews.kz.

Осылайша БТА Банк Fincraft Resources құрамындағы Vitablasis Ltd орнына енді. Ал  соңғысы Кипрде тіркелген компания. Ол өз кезегінде Fincraft Resources акционерлерінің қатарына 2024 жылдың желтоқсан айының ортасында қосылып, 9,46% акцияға иелік ететін Heathpoint Holdings Limited-тің орнын басқан еді. Vitablasis Ltd қандай пакетке ие болғаны туралы ақпарат жоқ. Сол кезде Fincraft Group баспасөз қызметі жаңа акционер-Vitablasis Ltd-ның үлесі бұрынғыға Heathpoint Holdings Limited-ке қарағанда көбірек екенін айтқан. Ал мысырлық компания орнын басқан БТА Банк Fincraft Resources-тің 15,25% акциясын иеленді, деп жазады Forbes.kz.  

БТА Банк акционерлері қатарында да өзгерістер болғанын айта кетелік. Компанияларға Рақышев (2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 69,42%, 2019 жылдан бастап пакет Fincraft Group-тың сенімгерлік басқаруында) иелік етеді және Fincraft Group-та 29,64% үлесі бар. Соңғысының үлесі "соңғы бенефициары Рақышев болып табылатын компанияның" басқаруына берілген. Баспасөз қызметінде компания атын атамады, алайда Forbes Kazakhstan-ға оның Алматыда 2013 жылы тіркелген және жылжымайтын мүлік операцияларымен айналысатын "KZ Towers (KZ Towers)" ЖШС екені белгілі болды.

Кеңес Рақышев 50 ең ықпалды (2024) адамдар рейтингісінде 12-орында және Қазақстанның 75 бай бизнесмендері рейтингісінде (2024) 19-орында тұр. Forbes Kazakhstan кәсіпкердің байлығын 435 млн долларға бағалайды. Ол Fincraft Resources арқылы "Ертіс" және "Қазникель" комбинаттарына иелік етеді.

Бұған дейін Рақышевтің Кайман аралдарында тіркелген компания акционері атанғанын жазған болатынбыз.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар