Британдық Victoria Oil & Gas мұнай-газ компаниясы Қазақстанға қарсы Халықаралық инвестициялық дауларды реттеу орталығына (ICSID) шағым түсірді. Орталықтың мәліметінше, арыз 21 наурызда тіркелген, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Energy Monitor салалық Telegram-арнасының хабарлауынша, 2021 жылдың сәуірінде компания Қазақстанды сотқа беретінін мәлімдеп, Атырау облысындағы Кемеркөл кен орнын барлау және мұнай өндіру келісімшартының бұзылуына байланысты жүздеген миллион доллар талап етпек болған.
Каналдың дерегіне сүйенсек, Victoria Oil & Gas 2005 жылы Кемерколь кен орнындағы 100% үлесті 8,5 миллион долларға сатып алып, бірнеше ұңғыма бұрғылап үлгерген. Алайда 2008 жылы оның жер қойнауын пайдалану жөніндегі келісімшарты тоқтатылған.