Қазақстанда бір күнде үшінші жер сілкінісі сезілді, деп хабарлайды dalanews.kz.
"Сейсмологиялық зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 28 қыркүйекте Астана уақытымен 13:53-те үшінші жер сілкінісін тіркеген.
"Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 254 шақырым жерде орналасқан", - деді ТЖМ өкілдері.
Жерасты дүмпуі былай сезілген:
- Нарынқол ауылында 2-3 балл;
- Кеген ауылында 2 балл.
Еске салайық, алғашқы жер сілкінісі 28 қыркүйекте сағат 06:32-де болды. Ал екіншісі 09:38-де тіркелді. Жерасты дүмпуі Алматыдан 8 шақырым жерде болған.