Air Astana компаниясындағы британдық BAE Systems корпорациясы өз үлесінің жартысына жуығын сатуды жоспарлап отыр. Бұл мәміле жүзеге асса, корпорацияның үлесі шамамен 9%-ға дейін төмендеуі мүмкін, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Еске салайық, BAE Systems 2024 жылы өткен IPO-дан кейін Air Astana-дағы үлесін 49%-дан 16,95%-ға дейін қысқартқан болатын. 17 желтоқсанда әуе компаниясы британдық акционердің үлесі азаятынын ресми түрде растады.
Соған қарамастан, сарапшылар BAE Systems Air Astana-ның екінші ірі акционері мәртебесін сақтап қалады деп болжап отыр. Қазіргі кезде ең ірі үлеске «Самұрық-Қазына» қоры ие (41%), ал үшінші орында БЖЗҚ (6,51%).
IPO-дан кейін Air Astana-ның меншік құрылымы едәуір өзгеріп, акцияларының қомақты бөлігі қор нарығында еркін айналымға шыққан.
