Батыс Қазақстан облысында тұрғындарды сапалы байланыс және интернет желісімен қамтамасыз ету жұмыстары тұрақты жүргізілуде.
Мәселен, биылғы жыл басынан бері «Кселл» АҚ байланыс операторы Сырым ауданының Тоғанас ауылына, Жәнібек ауданының Ақоба ауылына, Казталов ауданының Нұрсай және Қарасу ауылдарына, Байтерек ауданының Жайық және Новенькое ауылдарына, Бөкей ордасы ауданының Мұратсай ауылына және Қаратөбе ауданының Жусандыой ауылына, жалпы саны 8 елді мекенге жаңа базалық стансаларын орнатқан.
Сонымен қатар, «КаР-Тел» ЖШС (Билайн) байланыс операторы 13 ауылды жаңа базалық стансамен қамтамасыз етті. Олардың ішінде: Теректі ауданының Тоқпай және Юбилейное ауылдары, Бәйтерек ауданының Павлово және Мирное ауылдары, Жаңақала ауылы, Ақжайық ауданының Базартөбе, Қамыстыкөл және Көнеккеткен ауылдары, Қаратөбе ауданының Шөптікөл ауылы, Тасқала ауданының Амангелді ауылы, Бөрлі ауданының Қарашығанақ және Жаңаталап ауылдары бар.
Сондай-ақ, «Қолжетімді Интернет» ұлттық жобасы аясында облыс орталықтарын 5G стандартындағы мобильді интернет желісімен қамтамасыз ету жұмысы аясында Орал шаһарында 43 базалық станса орнатылды.